Үздіктердің қалауы: Дос Көшім

 

Бүгінгі «Үздіктердің қалауы» айдарының қонағы  Дос Көшім -“Ұлт тағдыры” республикалық қозғалысының төрағасы, әйгілі политолог, өзінің сүйікті, өмірге деген көзқарасына әсерін тигізген кітаптары туралы баяндайды.

Кітапты көп оқыған адамға соның ішінен бірнешеуін таңдап алу – аса қыйын жұмыс. Сондықтан екі-үшеуімен шектелуге тура келеді. Бірақ олардың аталуы — басқа кітаптардан жоғары тұруы емес, қазір менің есіме бірінші болып түсуі шығар.

image

Жас кезімде маған ерекше әсер қалдырған автор – Джек Лондон болды. Оның «Мартин Иденін» — адамға өмірлік сабақ болатын туынды деп білемін. Кейбір шығармалар уақыт өткізуге көмектессе, енді бір шығармалар – оқырманды өзі білмейтін жаңа бір өмірге жетелейді. Ал «Мартин Иден» адамның өмірге деген көзқарасын қалыптастыратын, оның өмірлік мұратын өзгертетін не қайта қалыптастыратын шығарма. Джек Лондонның «Түрмеқап» («Смирительная рубашка») романы да маған ерекше әсер қалдырды. Өкінішке орай, бұл роман Д.Лондонның туындыларының ішінде көп атала бермейді, бірақ жылдар өтіп, өмір өзгерсе де өзінің маңызын жоймайтын шығармалардың бірі екені даусыз. Бұл – өмірдің философиясы, дүниенің жалған екендігінің бір дәлелі.

image

Әрине, жылдар өткен сайын қайталап оқудан жалықпайтын бір кітабым – Абайдың «Қара сөздері». Әр қайталап оқыған сайын тағы бір тығулы асылды тауып аламын. Оның себебі – уақыт өткен сайын менің ақылымының толығуы, тәжірибемнің кеңеюі. Сондықтан боуы керек, өткен жылдары көзіме түспеген тамаша ойлар тағы бір қырынан алдымнан шығады. Абайдың ерекшелігі де осында сияқты.

(Visited 166 times, 1 visits today)

FB комментарии

comments


Related posts

Leave a Comment