«Махаббат қызық мол жылдар»

Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романын оқымаған қазақ аз шығар. Қазақ түгіл өзге тілдерге аударылған бұл роман көршілес елдердің оқырмандарының жүргенінен де орын тапты.


Романның басты кейіпкері — Ербол есімді соғыстан оралған азамат. Ербол майданнан аман-есен қайтып, жоғарғы оқу орнына түсіп журналист болуды көздейді. Өзі түскен курстағы 30 қыздың арасында жалғыз бидай болып жүрген Ербол махаббатын кездеспей қояды ма? Алайда оның ұнатқан қызы Меңтай өзге жігіттің жары болуға уәде беріп қойған екен. Автор романның соңына дейін бірін бірі сүйген екі жас арасындағы интриганы сақтап, күтпеген оқиғамен бітіреді.
Алайда, кітап тек Ербол мен Меңтай жайлы ғана емес. Махаббат жайлы ғана емес. Бұл басына күн туса да өмірдің жарқын тұстарын көре білетін студенттік өмір жайлы, адалдық жайлы, арамдық жайлы да. Автордың соғысты бейнелеуі туралы бөлек айтып кету керек. Ол соғысты тек ішінен ғана емес, сыртынан да керемет суреттей білді. Неміс зеңбіректерінің жалыны майдандағы ер азаматтарымыздың тағдырын өзгертіп қана қойған жоқ, олардың елде қалған сүйікті жарларының да тағдырына әсер етті: біреудің қалыңдығы басқаның әйелі болып, енді үйленген келіншектер жесір болып та қалды.
Алайда, тағдыр жазған қиыншылықтарға төтеп бере алу жүрегінде отанына, достарына, туыстарына және әрине сүйікті жарына деген махаббат жалыны бар адамның қолынын ғана келетінін автор толықтай түсіндіре білді.
Пікірін жазған Айна Досмахамбет

(Visited 280 times, 1 visits today)

FB комментарии

comments


Related posts