«Итті санамағанда, қайықтағы үшеу» Джером К. Джером

«Итті санамағанда, қайықтағы үшеу» Джером К. Джером

Күндердің күнінде үш лондондық азамат қаланың өмірінен шаршап, Темза өзенінің бойымен қайықпен саяхат жасауға бел буады. Кітап осы үшеудің және Монморанси деген әдемі аты бар иттің сол екі апталық саяхаты жайында.   Кітаптың ерекшелігі – сол саяхат жайында баяндай отырып, автор бұрын басынан өткен, қазіргі жағдайына ұқсайтын қызықты әңгімелерін айтып отырады. Қазіргі кино және телевидение саласында флешбек деген жақсы зат бар. Яғни, кейіпкердің басынан өткен оқиғаны естелік ретінде көрсету. Кітаптың жарты бөлігі, міне, сол флешбектерден тұрады. Кітапты оқи отыра, мен көпті көрген, салиқалы азаматпен әңгіме-дүкен құрғандай әсерде болдым. Яғни, сол…